
1. (B) босату түймешігін басып,
қақпақты (C) ашыңыз.
2. Ұнтақ немесе таблетка түріндегі
жуғыш құралды (A) бөлігіне
салыңыз.
3. Егер бағдарламаның алдын ала
жуу циклі бар болса, (D) бөлігіне
жуғыш заттан аздап салыңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына
қойылғанына көз жеткізіңіз.
8.2 Аралас жуғыш
таблеткаларды қолдану
Тұз және шайғыш заты бар
таблеткаларды қолданғанда, тұз
сауыты мен шайғыш зат сауытын
толтырмаңыз.
1. Су жұмсартқышты ең төмен мәнге
қойыңыз.
2. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін
ең төмен мәнге қойыңыз.
8.3 Бағдарламаны орнату
және бастау
Бағдарламаны бастау
1. Құрылғының есігін ашып қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
Құрылғының бағдарлама таңдау
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Бағдарлама түймешігін
таңдағыңыз келген бағдарламаның
индикаторы жанғанша қайта-қайта
басыңыз.
4. Бағдарламаны бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы
бар бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Delay түймешігін бағдарламаны 3
сағатқа кешіктіріп бастау үшін
басыңыз.
• индикаторы жанады.
3. Кері санақты бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды.
Есікті жапқаннан кейін, құрылғы
тоқтаған жерінен бастап жұмыс
істейді.
«Кешіктіріп бастау»
функциясын болдырмау
Бағдарлама түймешігін құрылғы
бағдарламаны таңдау режиміне
қойылғанша басып ұстап тұрыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын біржола
тоқтатқан кезде бағдарламаны қайта
орнату керек.
Бағдарламаны біржола
тоқтату
Бағдарлама түймешігін құрылғы
бағдарламаны таңдау режиміне
қойылғанша басып ұстап тұрыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар алдында,
жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың
бар екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның аяқталуы
Бағдарлама аяқталған кезде
индикаторы жанады.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
www.electrolux.com12
Comentários a estes Manuais