
10.2 Тот баспайтын болаттан
не алюминийден жасалған
тұмшапештер
Тұмшапештің есігін дымқыл
шүберекпен немесе жөкемен ғана
тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Темір жүн, қышқыл немесе түрпілі
материалдарды қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар тұмшапештің бетіне
нұқсан келтіруі мүмкін. Тұмшапештің
басқару панелін де осындай сақтық
шараларды орындап тазалаңыз.
10.3 Есіктің тығыздағышын
тазалау
Есіктің тығыздағышын уақытылы
тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапеш жақтауының айналасында
орналасқан. Есіктің тығыздағышына
нұқсан келсе, тұмшапешті
пайдаланбаңыз. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жапы ақпаратты
қараңыз.
10.4 Сөре сырғытпалары
Тұмшапешті тазалау үшін сөре
сырғытпалары алыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Сөре сырғытпаларын
алған кезде абай болыңыз.
1. Сөре сырғытпасының алдыңғы
жағын қабырғадан тартып
шығарыңыз.
2. Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
Алынған керек-жарақтарды кері
ретпен орнатыңыз.
10.5 Есікті алу және орнату
Тұмшапештің есігінің екі шыны панелі
бар. Тұмшапештің есігін және ішкі
шыны панелін алып тазалауға болады.
Шыны панельдерді алу алдында
"Есікті алу және орнату” тармағындағы
нұсқауды толық оқыңыз.
Ішкі шыны панельді
тұмшапештің есігін алмай
тұрып алғыңыз келсе,
пештің есігі жабылып
қалуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Пешті ішкі шыны панельсіз
пайдаланбаңыз.
1. Есікті шегіне дейін ашып, екі
топсасын ұстаңыз.
2. Екі топсадағы тетіктерді көтеріңіз
және бұраңыз.
ҚАЗАҚ 19
Comentários a estes Manuais