
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
9.1 Пісіруге арналған ақыл-
кеңес
Тұмшапештің сөре қойылатын бес
қатары бар.
Сөренің деңгейлерін тұмшапештің
астыңғы жағынан бастап санаңыз.
Пешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға
қарағанда басқаша пісіруі немесе
қуыруы мүмкін. Төмендегі кестелерде
температураға, пісіру уақытына және
сөре орындарына қатысты стандартты
ақпарат берілген.
Нақты рецептіге арналған
параметрлерді таба алмасаңыз, ұқсас
біреуін пайдаланыңыз.
Тұмшапеш ауа айналдыратын және
буды үздіксіз қайта айналдырып
отыратын арнайы жүйемен
жабдықталған. Бұл жүйенің көмегімен
тағамды булы ортада, ішін жұмсақ,
сыртын кітірлек етіп пісіруге болады.
Бұл пісіру уақыты мен қуат мөлшерін
барынша азайтады.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
Гриль жасау
Тағамды жылдам пісіру үшін үстіңгі
қыздырғыш элементке жақын және
баппен пісіру үшін одан алыс қойыңыз.
Тағамның май-сөлі шашырамас үшін
тағамды қақтамас бұрын кептіру керек.
Пісіру барысында кебір болып кетпес
үшін майсыз еттер мен балыққа
аздаған өсімдік майын немесе сары
майды жағыңыз.
Етті қақтаған кезде қызанақ және
саңырауқұлақ тәрізді қосымшаларды
тордың астына салуға болады.
Тағамды пісіру барысында қажетінше
аударып отыру керек.
Ет пен балық пісіру
Етті кесердің алдында сөлі ағып
кетпес үшін шамамен 15 минут қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл
табаққа шамалы су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін су таусылған
сайын үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне
байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға,
рецептілерге және тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
9.2 Пісіру және қуыру кестесі
Торттар
Бос тұмшапешті таға пісірер алдында
10 минут алдын ала қыздырыңыз.
Егер төменде көрсетілген ыдыс
болмаса, торт қалыбын
пайдаланыңыз.
Үшінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Функцияны пайдаланыңыз:
Желдеткішпен пісіру.
Тағам Темпер
атура
(°C)
Уақыт
(мин)
Көпіршітілген
тағам
рецептілері
160 45 - 60
www.electrolux.com12
Comentários a estes Manuais