Electrolux EOC6851AAX Manual do Utilizador Página 20

  • Descarregar
  • Adicionar aos meus manuais
  • Imprimir
  • Página
    / 84
  • Índice
  • MARCADORES
  • Avaliado. / 5. Com base em avaliações de clientes
Vista de página 19
ОРНАТУ + ОРЫНДАУ функциясын Негізгі
параметрлер мәзірінде іске қосуға және
ажыратуға болады.
9.5 Автоматты түрде өшіру
Құрылғы біраз уақыттан кейін қауіпсіздік
мақсатында автоматты түрде сөнеді:
Егер тұмшапеш функциясы жұмыс істеп
тұрса.
Егер тұмшапештің температурасын
өзгертпесеңіз.
Тұмшапештің
температурасы
Сөндіру уақыты
30 °C - 120 °C 12,5 сағ.
120 °C - 200 °C 8,5 сағ.
200 °C - 250 °C 5,5 сағ.
250 °C - ең үлкен
°C
3,0 сағ.
Автоматты түрде сөндіру функциясы
Шам , Ұзақтық және Аяқтау
функцияларынан басқа
функциялардың бәрінде жұмыс
істейді.
9.6 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш
құрылғының температурасы салқындағанша
жұмыс істеп тұра береді.
9.7 Қауіпсіздік термоэлементі
Құрылғыны дұрыс пайдаланбаған кезде
немесе құралас бөлшектерінде ақау бар
болса, қатты қызып кету қаупі орын алады.
Бұндай жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш
қуаттың берілуін тоқтататын
термоэлементпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайтадан автоматты түрде іске қосылады.
10. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Құрылғының сөре қойылатын бес деңгейі
бар. Сөренің деңгейлерін құрылғының
астыңғы жағынан бастап санау керек.
Құрылғы ауа айналдыратын және буды
үздіксіз қайта айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Осы
жүйенің көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ және сыртын күтірлек етіп
пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты мен
пайдаланылатын қуат мөлшерін барынша
азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есіктің шыны
панельдеріне бу жиналуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда
құрылғы есігін ашу қажет болса, үнемі
артқа шегініп барып ашыңыз. Конденсат
мөлшерін азайту үшін құрылғыны тағам
пісірер алдында 10 минут қосыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
оның ылғалын тазалаңыз.
Тағам пісірген кезде заттарды құрылғының
табанына қоймаңыз және құрылғының
бөлшектеріне алюминий жұқалтыр
жаппаңыз. Бұл пісіру нәтижесін өзгертіп,
эмаль қаптамаға да нұқсан келтіруі мүмкін.
10.1 Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру табағын
пайдалансаңыз, араларына бір бос деңгей
қалдырыңыз.
10.2 Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ
түспес үшін, өте майлы тағамды пісіргенде
шұңғыл табақты пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес
үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін шұңғыл табаққа
шамалы су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас
үшін су таусылған сайын үстемелеп құйып
отырыңыз.
20
www.electrolux.com
Vista de página 19
1 2 ... 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 ... 83 84

Comentários a estes Manuais

Sem comentários