Electrolux EOC6851AAX Manual do Utilizador Página 12

  • Descarregar
  • Adicionar aos meus manuais
  • Imprimir
  • Página
    / 84
  • Índice
  • MARCADORES
  • Avaliado. / 5. Com base em avaliações de clientes
Vista de página 11
5.5 Буға пісіру
Су тартпасының қақпағы басқару
панелінде орналасқан.
1.
Су тартпасын ашу үшін қақпақты
басыңыз.
2.
Су тартпасына 900 мл су құйыңыз.
Су шамамен 55-60 минутқа жетеді.
Суды бу генераторына тікелей
құймаңыз.
Суды ғана пайдаланыңыз. Сүзгіден
өткізілген (минералы тазартылған)
немесе тазартылған суды
пайдаланбаңыз. Басқа
сұйықтықтарды пайдаланбаңыз. Су
тартпасына жанғыш немесе алкоголі
бар сұйықтарды құймаңыз.
3.
Су тартпасын бастапқы орнына қойыңыз.
4.
Құрылғыны іске қосыңыз.
5.
Тағамды дұрыс ыдысқа салып пісіріңіз.
6.
Буға пісіру функциясын және
температураны таңдаңыз.
7.
Қажет болса Ұзақтық немесе Аяқтау
функцияларын орнатыңыз.
Пісіру уақыты аяқталғанда дыбыстық
сигнал естіледі.
8.
Құрылғыны сөндіріңіз.
Құрылғының есігін ашық қалдырып,
әбден құрғатыңыз.
9.
Буға пісіріп болғаннан кейін су сауытын
босатыңыз.
Назарыңызда болсын!
Буға пісіру функциясын пайдаланып
болған сайын, су жіберетін клапаннан
ыстық су ағып кетпес үшін кем
дегенде 60 минут күтіңіз.
5.6 "Сауыт бос" индикаторы
Сауыт босап, оны қайта толтыру қажет болған
кезде бейнебетте Су қажет жазуы пайда
болады да, дыбыстық сигнал естіледі.
Қосымша ақпаратты "Буға пісіру" тарауынан
қараңыз.
5.7 "Сауыт толы" индикаторы
Бейнебетте Су сауыты толы жазуы
көрсетілген кезде буға пісіру функциясын
пайдалануға болады.
Сауыт толы болса дыбыстық сигнал естіледі.
Егер сауытқа өте көп су құйсаңыз,
қауіпсіздік түтігі артық суды
тұмшапештің табанына ағызады.
Суды жөкемен немесе шүберекпен
тазалаңыз.
5.8 Су сауытын босату
Су сауытын босатпай тұрып
құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз.
1.
Пайдаланушы нұсқаулығы салынған
қалтадағы су төгетін түтікті (C) дайындап
алыңыз. Су төгетін түтіктің бір ұшына
жалғастырғышты (B) салыңыз.
2.
Су төгетін түтіктің екінші ұшын (C)
сауытқа салыңыз. Оны су төгетін түтік
клапанының (A) деңгейінен төмен
орнатыңыз.
3.
Тұмшапештің есігін ашыңыз да,
жалғастырғышты (B) су төгетін клапанға
(A) салыңыз.
4.
Су сауытын босатқан кезде
жалғастырғышты қайта-қайта итеріңіз.
5.
Су ақпай тоқтаған кезде жалғастырғышты
клапаннан алыңыз.
Назарыңызда болсын!
Су сауытын қайта толтыру үшін
сауытты босатқан кезде жиналған
суды пайдаланбаңыз.
Бейнебетте Су қажет жазуы
көрсетілген кезде сауытта шамалы су
тұруы мүмкін. Су төгетін түтік
клапанынан ағып жатқан су
тоқтағанша күтіңіз.
B
C
A
12
www.electrolux.com
Vista de página 11
1 2 ... 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 ... 83 84

Comentários a estes Manuais

Sem comentários