
Қажетті бағдарламаны таңдау
Бағдарлама таңдау тетігін қажетті
бағдарламаға бұраңыз. "Бастау/Үзіліс"
түймешігі жасыл боп жанады.
Егер бағдарлама таңдау тетігін цикл
орындалып жатқанда басқа бағдарламаға
бұрсаңыз, құрылғы жаңадан таңдалған
бағдарламаны елемейді. “Қате” шамы
жанады және "Бастау/Үзіліс"
түймешігі
бірнеше секунд бойы қызарып жанады.
Температураны таңдау
Егер кіріңіздің құрылғы таңдаған бір
температурадан басқа температурада
жуылуын қаласаңыз, температураны көбейту
не азайту үшін, "Температура"
түймешігін
қайталап басыңыз (“Бағдарламалар кестесі”
бөлімін қараңыз).
белгішесі салқын жууды
білдіреді.
Айналдыру жылдамдығын таңдау
Кірді құрылғы таңдаған жылдамдықтан басқа
жылдамдық бойынша айналдырып жуғыңыз
келсе, айналдыру жылдамдығын өзгерту үшін
“Айналдыру”
түймешігін басыңыз.
Сонымен қатар, "Айналдырмау"
, “Шаюды
кідірту”
немесе “Түнгі, шуылсыз плюс”
режимін таңдауыңызға болады.
5)
.
Максимум жылдамдықтар мәні төменде
көрсетілген:
Мақта мата, Эко үшін: 1300 мин/айн,
CoolClean режимі үшін: 1200 мин/айн,
Әйелдердің іш киімі, Жүн мата үшін: 1000 мин/
айн, Синтетика, Жеңіл үтіктеу, 14 мин, Жейде
режимдері үшін: 900 мин/айн, Нәзік мата,
Көрпе режимі үшін: 700 мин/айн.
Бағдарламаның соңында егер “Шаюды
кідірту”
немесе “Түнгі, шуылсыз плюс”
режимін таңдалса,
, “Айналдыру”
немесе “Суды ағызу” бағдарламасын
таңдап, циклді аяқтап, суды төгуіңіз қажет.
Түнгі, шуылсыз плюс : бұл цикл айналдыру
кезеңін орындамайды, шаюды кідірту режимін
орындап аяқталады.
Параметрлерді таңдау
Бағдарламаны таңдағаннан кейін және
"Бастау/Үзіліс"
түймешігін баспастан
бұрын әртүрлі параметрлерді таңдауыңыз
керек (“Бағдарламалар кестесі” бөлімін
қараңыз). Қажетті түймешіктерді басыңыз ;
сәйкес белгішелер дисплейде пайда болады.
Егер қайта басылса, белгішелер жоғалады.
Егер параметрлердің бірі таңдалған
бағдарламамен сыйысымды болмаса,
дисплейде “Қате” түймешігі жанып, “Бастау/
Үзіліс”
түймешігі қызыл боп жанады.
"Алдын ала жуу" параметрі
Құрылғы алдын ала жуу циклін макс. 30°C
градуста орындайды.
"Шаю плюс" параметрі
Кір жуғыш машина цикл орындалып тұрған
кезде бір немесе бірнеше шаю циклдерін
қосады. Бұл функция терісі сезімтал
адамдарға және суы тұщы жерлерде
қолдануға арналған.
Уақытша : "Шаю плюс"
түймешігін
басыңыз. Бұл функция тек таңдалған
бағдарлама үшін ғана қосылады.
Тұрақты : "Алдын ала жуу"
және "Кешіктіріп
бастау"
түймешіктерін бірнеше секунд
басып ұстап тұрыңыз. Функция тұрақты түрде,
тіпті құрылғы өшіп тұрса да қосылып тұрады.
Оны ажырату үшін әрекетті қайталаңыз.
"Кешіктіріп бастау"
Бұл параметр жуу бағдарламасының
басталуын 30, 60, 90, 2 сағаттан 20 сағатқа
дейін кідіртуге мүмкіндік береді. Таңдалған
уақыт дисплейде бірнеше секунд көрсетіліп
тұрады.
Кідіртілген басталу уақытын “Бастау/Үзіліс”
түймешігін баспастан бұрын “Кешіктіріп
бастау”
түймешігін қайта басу арқылы кез
келген уақытта өзгертуге немесе
болдырмауға болады (0’ бірден бастауды
білдіреді).
Егер “Бастау/Үзіліс”
түймешігін басып
қойған болсаңыз және кешіктіріп бастауды
өзгерту немесе болдырмау керек болса,
келесіні орындаңыз :
• Кешіктіріп бастауды болдырмай, циклды
бірден бастау үшін, “Бастау/Үзіліс”
түймешігін, одан кейін “Кешіктіріп бастау”
түймешігін басыңыз. Циклді бастау үшін,
“Бастау/Үзіліс”
түймешігін басыңыз.
• Таймердің кідіріс кезеңін өзгерту үшін,
“Тоқтату”
қалпы арқылы өтіп, циклді
қайта бағдарламалауыңыз керек.
Кешіктіріп бастау уақыты кезінде есік
бұғаттаулы тұрады. Егер оны ашу керек
болса, алдымен “Бастау/Үзіліс”
түймешігін
басу арқылы құрылғыны уақытша
тоқтатуыңыз керек. Есікті қайта жапқаннан
кейін, “Бастау/Үзіліс”
түймешігін басыңыз.
Таймер
Циклді “ Time Manager”
түймешіктерін
пайдалану арқылы ұзартуға немесе
қысқартуға болады. Жуылатын киімдегі кірдің
деңгейі де көрсетіледі.
5) Үлгі түріне байланысты.
48 electrolux
Comentários a estes Manuais