Electrolux EOC5751AOX Manual do Utilizador Página 23

  • Descarregar
  • Adicionar aos meus manuais
  • Imprimir
  • Página
    / 32
  • Índice
  • MARCADORES
  • Avaliado. / 5. Com base em avaliações de clientes
Vista de página 22
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын
қараңыз.
Тазалауға қатысты ескерім:
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін тазалау үшін
әдетте қолданылатын жуғыш заттарды
пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағын пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне
жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы
пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
Керек-жарақтарды әр қолданып болған
сайын тазалап, құрғатып отырыңыз.
Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі мүмкін.
ПИРОЛИТПЕН ТАЗАЛАУ
1.
Керек-жарақтарының барлығын және
алмалы сөре сырғытпаларын алыңыз.
Келесі жағдайда пиролитпен
тазалауды бастамаңыз:
Сөре сырғытпаларын немесе
телескопиялық сөре сырғытпасын
(егер бар болса) алмасаңыз. Кей
үлгілерде осы ақаулық пайда
болған кезде бейнебетте "C1"
көрсетіледі.
Ішкі температура сенсорының
ашасын розеткадан суырмасаңыз.
Кей үлгілерде осы ақаулық пайда
болған кезде бейнебетте "C2"
көрсетіледі.
Тұмшапештің есігі әбден жабылған
жоқ. Кей үлгілерде осы ақаулық
пайда болған кезде бейнебетте
"C3" көрсетіледі.
2.
Қатып қалған қоқысты қолмен тазалаңыз.
3.
түймешігін бейнебетте "Pyro" жазуы
мен қосымша тазалау саны
көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
4.
Тазалау үрдісінің ұзақтығын немесе
түймешігін басып орнатыңыз:
1 – 1:00, шамалы ластанған кезде
2 – 1:30, қалыпты ластанған кезде
3 – 2:30, қатты ластанған кезде.
Пиролитпен тазалау функциясын қосу
үшін
түймешігін басыңыз.
Пайдалы ақпарат:
Тазалау функциясын кешіктіріп бастау үшін
Аяқтау функциясын қолдануға болады.
Пиролитпен тазалау кезінде есік бекітіліп
тұрады.
белгісі мен қызу индикаторының
жолағы есіктің бекітпесі ашылғанша жанып
тұрады.
Есіктің бекітпесі тұмшапештің ішіндегі
температура қауіпсіз деңгейден төмендегенде
және Пиролитпен тазалау функциясы
аяқталған кезде ашылады.
Пиролитпен тазалау кезінде шам сөніп
тұрады.
Тазалық ескертушісі
Құрылғыны сөндірген сайын бейнебетте
тазалық ескертушісінің белгісі
пиролитпен
тазалау қажет екенін ескерту үшін 10 секунд
бойы жыпылықтап тұрады.
Тазалық ескертушісі сөнеді:
Пиролитпен тазалау функциясы
аяқталғаннан кейін
Бұл функцияны Негізгі
параметрлерден ажыратқан кезде
("Негізгі параметрлер" тарауын
қараңыз)
ҚАЗАҚ 23
Vista de página 22
1 2 ... 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 ... 31 32

Comentários a estes Manuais

Sem comentários