
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын
қараңыз.
ІШКІ ТЕМПЕРАТУРА СЕНСОРЫ
Ішкі температура сенсоры еттің ішкі
температурасын өлшейді. Еттің
температурасы орнатылған температураға
жеткенде құрылғы сөнеді.
Екі түрлі температураны орнату керек:
• Тұмшапеш температурасы: рецепт
кітабындағы қуыру кестесіне қараңыз.
• Ішкі температура: рецепт кітабындағы ішкі
температура сенсорының кестесіне
қараңыз.
Бірге жеткізілген ішкі температура
сенсорын ғана немесе дұрыс қосалқы
бөлшектерді ғана қолданыңыз.
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
Ішкі температура сенсорының ұшын
(сабында
белгісі бар) еттің ортасына
салыңыз.
3.
Ішкі температура сенсорының ашасын,
құрылғының алдындағы розеткаға
сұғыңыз. Бейнебетте
көрсетіліп,
әдепкі орнатылған ішкі температура
көрсетіледі. Бірінші рет жұмыс істеген
кезде температура 60 °C градус болады,
келесі қолданған кезде соңғы орнатылған
параметр қолданылады.
4.
Ішкі температураны орнату үшін
немесе қолданыңыз.
5.
басыңыз немесе параметрлер 5
секундтан кейін автоматты түрде
сақталады.
Пайдалы ақпарат:
Ішкі температураны
белгшесі
жыпылықтаған кезде ғана орната аласыз.
Егер бейнебетте
көрсетілсе, бірақ
ішкі температураны орнатқанша
жыпылықтамай тұрса,
және
немесе белгісін түртіп жаңа
параметрді орнатыңыз.
6.
Тұмшапештің функциясын және, қажет
болса, тұмшапештің температурасын
орнатыңыз.
Бейнебетте ағымдық ішкі температура
және тұмшапештің орнатылған
температурасы мен ағымдық
температурасының қатынасын көрсететін
температура жолағы көрсетіледі.
Пайдалы ақпарат:
Тағам пісіріп жатқанда ішкі температура
сенсоры етке сұғылып және розеткаға
қосылып тұруға тиіс.
Құрылғы болжамды уақытты есептеп
тұрғанда, Таймер/қалдық қызу
бейнебетінде Санақ таймері
функциясының мәні көрсетіледі. Алғашқы
есептеу аяқталған кезде, Таймер/қалдық
қызу бейнебетінде - көрсетіледі де, содан
кейін болжамды пісіру уақыты пайда
болады. Құрылғы тағам пісіп жатқанда
пісіру уақытын есептеуді жалғастыра
береді. Бейнебетте әлсін-әлсін пісіру
уақыты жаңарып көрсетіліп тұрады.
7.
Еттің температурасы орнатылған ішкі
температураға жеткенде, ішкі
температура мен
жыпылықтайды.
Дыбыстық сигнал екі минут естіледі.
Дыбыстық сигналды өшіру үшін
сенсорлық өрісті басыңыз.
8.
Ішкі температура сенсорын розеткадан
алып, етті құрылғыдан алыңыз.
Назарыңызда болсын!
Ішкі температура сенсорын алғанда
абай болыңыз. Бұл ыстық. Күйіп қалу
қаупі бар.
9.
Құрылғыны сөндіріңіз.
Ішкі температура сенсорын розеткаға
қосқан кезде, сағат функцияларының
параметрлері біржола тоқтайды.
ҚАЗАҚ 17
Comentários a estes Manuais