
5. Бағдарламаны салынған заттар мен
олардың ластану деңгейіне қарай дұрыс
орнатыңыз да, іске қосыңыз.
7.1 Жуғыш затты қолдану
20
30
A
B
C
1.
(B) босату түймешігін басып, қақпақты (C)
ашыңыз.
2.
Жуғыш затты (A) бөлігіне салыңыз.
3.
Бағдарламаның алдын ала жуу циклы
болса, құрылғы есігінің ішкі бөліміне
жуғыш заттан аздап салыңыз.
4.
Жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз,
оларды жуғыш зат үлестіргішіне (A)
салыңыз.
5.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына
көз жеткізіңіз.
7.2 Бағдарламаны орнату және
бастау
Auto Off функциясы
Бұл функция пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайту үшін, құрылғыны келесі жағдайларда
бірнеше минуттан кейін автоматты түрде
сөндіреді:
• Есік жабылмаса.
• Бағарламаны бастау үшін Start басылмаса.
• Бағдарлама аяқталғанда.
Параметрлерді орнату режимі
Құрылғы кей параметрлер үшін параметрді
орнату режимінде тұруға тиіс.
Құрылғыны іске қосқаннан кейін
параметрлерді орнату режимінде тұрады
және индикатор мен бағдарламаның уақыты
ECO жанып тұрады.
Егер басқару панелінде бұндай жағдай
көрсетілмесе Reset түймешігін басыңыз. ECO
бағдарламасының индикаторы жанып,
ұзақтығы көрсетіледі.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз. Құрылғының
параметрлерді орнату режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
4. Бағдарламаны орнатыңыз. Program
түймешігін орнатқыңыз келген
бағдарламаның индикаторы жанғанша
қайта-қайта басыңыз. Сондай-ақ, тиісті
функцияларды да орнатуға болады.
• Егер MyFavourite бағдарламасын
орнатқыңыз келсе, MyFavourite
түймешігін басыңыз. MyFavourite
бағдарламасына және функцияларына
қатысты индикаторлар жанады.
Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы
көрсетіледі.
5. Бағдарламаны бастау үшін Start
түймешігін басыңыз.
• Бағдарлама басталған кезде
бағдарламаның ұзақтығы мен
бағдарлама жолағы ғана көрсетіледі.
Орнатылған бағдарлама мен
функцияларды көру үшін (Reset емес)
кез келген сенсорлық түймешікті
басыңыз. Орнатылған бағдарлама мен
функциялар бірнеше секунд
көрсетіледі.
• Бағдарламаның уақыты 1 минутқа тең
қадаммен азая бастайды.
Кешіктіріп бастау функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Delay түймешігін бейнебетте орнатқыңыз
келген кешіктіріп бастау уақыты (1- 24
сағат) көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз. Delay индикаторы жанады.
Бағдарлама индикаторы, бағдарлама
ҚАЗАҚ 13
Comentários a estes Manuais