
Ақаулық Ықтимал себебі/Шешімі
Жуу нəтижесі
қанағаттандырмайды:
Жуғыш зат өте аз немесе мүлде жарамсыз жуғыш зат
қолданылған.
• Жуғыш заттың мөлшерін көбейтіңіз не басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Қатып қалған дақтар кірді жумай тұрып алдын ала
кетірілмеген.
• Қатып қалған дақтарды кетіру үшін дүкенде сатылатын
заттарды пайдаланыңыз.
Температура дұрыс таңдалмаған.
• Температураны дұрыс таңдаған-таңдамағаныңызды
тексеріңіз.
Кірдің салмағы шамадан артық.
• Кірдің салмағын азайтыңыз.
Есік ашылмайды:
Бағдарлама əлі жұмыс істеп тұр.
• Жуу циклы аяқталғанша күтіңіз.
Есіктің бұғаты ағытылған жоқ.
•
Белгі немесе шам (үлгі түріне байланысты)
сөнгенше
күтіңіз.
Барабанның ішінде су бар.
• Суды төгу үшін төгу не айналдыру бағдарламасын
таңдаңыз.
Машина дірілдегенде
шуыл шығарады:
Тасымалдау бұрандалары мен орам материалдары
алынбаған.
• Құрылғының дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Тіреуіш аяқтары реттелмеген
• Құрылғының дұрыс тіктеп орнатылғандығын тексеріңіз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.
• Кірді таратып салыңыз.
Барабанға тым аз кір салынуы мүмкін.
• Кірді көбірек салыңыз.
Айналдыру кеш
басталады немесе
машина айналмайды:
Теңгерім жоғын анықтайтын электрондық құрал, барабанның
ішіндегі кір біркелкі таратылмағандықтан іске қосылған.
Барабанды кері қарай айналдыру арқылы кір қайта
таратылып салынады. Салмақ теңсіздігі жойылып, барабан
қалыпты айналғанға дейін бұл бірнеше рет қайталануы
мүмкін. Егер 10 минуттан соң барабан ішіндегі кір əлі де
біртегіс таратылмаса, машина айналмайды. Мұндай
жағдайда кірді қолмен таратып салыңыз да, айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз.
• Кі
рді таратып салыңыз.
Кір тым аз салынған.
• Жуылатын заттан көбірек салыңыз, кірді қолмен
таратыңыз да, айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
Машинадан тосын шуыл
шығады:
Машинаға əдеттегі моторларға қарағанда басқаша шуыл
шығаратын мотор орнатылған. Мотордың бұл жаңа түрі
машинаны неғұрлым баппен іске қосып, барабан айналып
тұрған кезде кірді барынша біркелкі таратуға көмектеседі
жəне машинаның орнықтылығын жақсартады.
Барабанның ішінде су
көрінбейді.
Қазіргі технологияға сай жасалған машиналар суды өте аз
пайдаланып тиімді жұмыс жасайды жəне бұл машинаның
жұмысына еш əсер тигізбейді.
Бу бағдарламасынан
кейін киім жартылай
дымқыл болып тұр:
Құрылғы деңгейі дұрыс орнатылмаған.
• Құрылғы деңгейін тексеріңіз де, сирағын ұзарту немесе
қысқарту арқылы реттеп орнатыңыз.
26 electrolux
Comentários a estes Manuais