
3. Сүзгі жүйесін микро-сүзгінің үстінде
орналасқан тұтқаның көмегімен
ашыңыз. Тұтқаны сағат бағытына
қарсы 1/4 бұраңыз да, сүзгілер
жүйесін шығарып алыңыз
4. (А)ірі көз сүзгіні, тесігі бар тұтқадан
ұстап, (B) микро-сүзгіден шығарып
алыңыз.
5. Барлық сүзгілерді ағып жатқан суға
ұстап тұрып, мұқият тазалаңыз.
6. Тегіс сүзгіні(C) жуу бөлімінің түп
жағынан шығарып алыңыз да, екі
жағын да жақсылап жуыңыз.
7. Тегіс сүзгіні(C)қайтадан жуу бөлімінің
түбіндегі орнына орналастырыңыз
және оның өз орнына дұрыс
орналасқанына көз жеткізіңіз.
8. (A)Ірі көзді сүзгіні микро-
сүзгіге(B)салып, екеуін қатар
басыңыз.
9. Құрама сүзгілерді әдепкі орнына
орналастырып, тұтқасын сағат
бағытына қарай тоқтағанша бұраңыз.
Осы кезде тегіс сүзгінің(C)жуу
бөлімінің түбіне қарай шығып
қалмасына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ЕШҚАШАН сүзгісіз
пайдаланбаңыз. Сүзгілерді дұрыс
орнатпасаңыз, жуу нәтижелері
қанағаттанғысыз болып,
нәтижесінде машинаға нұқсан
келеді.
Бүріккіш түтіктерді ЕШҚАШАН алып
тастауға әрекет жасамаңыз.
Егер бүріккіштердің тесіктері бітеліп
қалса, жіңішке шырпымен
тазалаңыз.
Сыртын тазалау
Машинаның сыртын және басқару
панелін дымқыл жұмсақ матамен
тазалаңыз. Егер қажет болса, нейтрал
жуғыш затты пайдаланыңыз. Сырты
тегіс емес сызаттандыратын заттарды,
түрпілі тазалағыштарды немесе
еріткіштерді (ацетон, трихлорэтилен,
т.с.с.) пайдаланбаңыз.
Ішін тазалау
Есік айналасындағы тығыздағыштарды,
жуғыш және шайғыш зат сауыттарын
мезгіл-мезгіл дымқыл матамен тазалап
тұрыңыз.
Әр 3 ай сайын жуғыш затты пайдаланып,
аса кірлеген ыдыс-аяқтарды жууға
арналған бағдарламаны ешбір ыдыс-
аяқсыз орындап тұруды ұсынамыз.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
Егер машинаны ұзақ уақыт
пайдаланбасаңыз, сізге берер кеңесіміз:
1. Машинаны электр желісінен
ажыратып, содан кейін суды өшіріп
тастаңыз.
2. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін,
есікті ашыңқырап қойыңыз.
3. Машинаның ішін тазалап қойыңыз.
Мұздап кетуден сақтау
Машинаны температурасы 0°C төмен
болатын жерге қоймаңыз. Егер ондай
жағдайға мүмкіншілік жоқ болса
машинаны босатыңыз да оның есігін
жауып, су қабылдайтын түтігін
ажыратып, оны босатыңыз.
Машинаны көшіру
Егер машинаны көшіру қажет болып
қалса, (көшу себептеріне, т.б.):
1. Электр желісінен ажыратыңыз.
2. Су құбырының шүмегін жабыңыз.
3. Су қабылдайтын және жуынды суды
жіберетін түтіктерін ажыратыңыз.
22 electrolux
Comentários a estes Manuais