
2. Delay түймешігін дисплейде
орнатқыңыз келген кешіктіріп
бастау уақыты көрсетілгенше
қайта-қайта басыңыз (1 сағаттан
24 сағатқа дейін).
Таңдалған бағдарламаның
индикаторы жыпылықтайды.
3. Start түймешігін басыңыз.
4. Кері санақты бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз.
Кері санақ аяқталған кезде
бағдарлама басталады да, жуу
циклының индикаторы жанады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Бұл
қуатты пайдалану мен бағдарлама
уақытына әсер етуі мүмкін. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған
жерінен бастап жұмыс істейді.
Кептіру циклы барысында
есік 30 секундтан ұзақ
ашық тұрса, жұмыс істеп
тұрған бағдарлама
аяқталады.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған
кезде кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату
Кешіктіріп бастау функциясын біржола
тоқтатқан кезде бағдарлама мен
функцияларды қайта орнату керек.
Programs және Options түймешігін
құрылғы бағдарламаны таңдау
режиміне қойылғанша қатар басып
ұстап тұрыңыз.
Бағдарламаны біржола
тоқтату
Programs және Options түймешігін
құрылғы бағдарламаны таңдау
режиміне қойылғанша қатар басып
ұстап тұрыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар алдында,
жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың
бар екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның аяқталуы
Бағдарлама аяқталған кезде
дисплейде 0:00 көрсетіледі. Цикл
индикаторлары сөнеді.
Қосу/сөндіру түймешігінен басқа
түймешіктердің барлығы белсенді
емес.
1. Қосу/сөндіру түймешігін басыңыз
немесе Auto Off функциясының
құрылғыны автоматты түрде
сөндіруін күтіңіз.
Auto Off функциясы қосылмай
тұрып есікті ашсаңыз, құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
10.1 Жалпы
Келесі ақыл-кеңестер күнделікті
қолдану барысында кептіріп және
тазалаған кезде жақсы нәтижелерге
қол жеткізуге, сондай-ақ, қоршаған
ортаны қорғауға көмектеседі.
• Ыдыстарға жабысқан тағамның
үлкенірек қалдықтарын алып,
қоқысқа салыңыз.
• Ыдысты алдын ала қолмен
шаймаңыз. Егер қажет болса,
алдын ала жуу бағдарламасын
(егер бар болса) қолданыңыз
немесе алдын ала жуу циклі бар
бағдарламаны таңдаңыз.
• Себеттердің ішіндегі орынды үнемі
толық пайдаланыңыз.
• Құрылғыға зат салған кезде,
бүріккіштен шыққан судың
ыдыстардың барлығына толық
жетіп және оларды жуа алатынына
көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне
тимей немесе бірін бірі далдалап
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 15
Comentários a estes Manuais