Electrolux EOB96850AX Manual do Utilizador Página 15

  • Descarregar
  • Adicionar aos meus manuais
  • Imprimir
  • Página
    / 52
  • Índice
  • MARCADORES
  • Avaliado. / 5. Com base em avaliações de clientes
Vista de página 14
B
C
A
2. Түтікшенің екінші ұшын (С) сауытқа
салыңыз. Оны су төгетін
клапанның деңгейінен (A)
төмендеп салыңыз.
3. Тұмшапештің есігін ашып,
жалғастырғышты (В) су жіберетін
клапанға (А) салыңыз.
4. Су сауытын босатқан сайын
жалғастырғышты қайта-қайта
салыңыз.
Бейнебетте келесі жазу
көрсетілгенде сауытта
шамалы су тұруы
мүмкін: Наполните
резервуар для.
Су жіберетін клапаннан
су ақпай тоқтағанша
күтіңіз.
5. Су ақпай тоқтаған кезде
жалғастырғышты клапаннан
алыңыз.
Су сауытын қайта толтыру
үшін аққан суды
қолданбаңыз.
6.10 Қыздыру индикаторы
Қыздыру функциясын іске қосқан
кезде, бейнебеттегі жолақ жанады.
Жолақ температураның жоғарылай
бастағанын көрсетеді. Орнатылған
температураға жеткен кезде сигнал 3
рет естіледі де, жолақ жыпылықтап,
содан кейін көрінбей кетеді.
6.11 Жылдам қыздыру
индикаторы
Бұл функция қыздыру уақытын
азайтады.
Жылдам қыздыру
функциясы жұмыс істеп
тұрғанда тұмшапештің
ішіне тағам қоймаңыз.
Функцияны іске қосу үшін түймешігін
3 секунд басып тұрыңыз. Қыздыру
индикаторы өзгереді.
6.12 Қалдық қызу
Құрылғыны ажыратқанда, бейнебетте
қалдық қызу көрсетіледі. Қызуды
тағамды жылы ұстау үшін
қолдануыңызға болады.
6.13 Қуат үнемдеу
Құрылғының күнделікті тамақ пісіру
кезінде қуат үнемдеуге көмектесетін
мүмкіндіктері бар.
Жалпылама кеңес
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда
тұмшапеш есігінің жабық тұрғанына
көз жеткізіңіз және тағам пісіріп
жатқанда есікті мүмкіндігінше ашпауға
тырысыңыз.
Қуатты сақтау үшін темір ыдыстарды
пайдаланыңыз.
Егер мүмкін болса, тағамды салмай
тұрып пешті алдын ала қыздырмаңыз.
Тағам пісіретін уақыт 30 минуттан көп
болса, пісіру уақыты аяқталмай тұрып,
пісіру уақытының ұзақтығына
байланысты пеш температурасын 3 -
10 минутқа азайтыңыз. Тұмшапештің
ішіндегі қалдық қызу тағам пісіруді
жалғастыра береді.
Қалдық қызуды басқа тағамдарды
жылыту үшін пайдаланыңыз.
Желдеткішпен пісіру
Егер мүмкін болса, қуатты үнемдеу
үшін желдеткіші бар пісіру
функцияларын пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 15
Vista de página 14
1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 51 52

Comentários a estes Manuais

Sem comentários