Electrolux ENB34233W Guia Básico Página 9

  • Descarregar
  • Adicionar aos meus manuais
  • Imprimir
  • Página
    / 48
  • Índice
  • MARCADORES
  • Avaliado. / 5. Com base em avaliações de clientes
Vista de página 8
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-сайтынан
танысыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас
бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс
қолдану мақсатында, пайдаланушыға
арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде
кеңестері мен ескертулеріне назар салып
оқып шығыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланатын адамдардың барлығы,
қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық
апаттардың алдын алу үшін,оны пайдалану
тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз
ететін функцияларымен жете таныс болуы
керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты
сақтап қойыңыз және тоңазытқышты басқа
адамдарға бергеніңізде немесе
сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір
адамның бұйымның қолданыс мерзімі
аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану
және қауіпсіздік шараларынан хабардар
болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді
ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы
нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз,
себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған
ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не
болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не
пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен
білімінің аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды
қадағалап отыру қажет.
Машинаның орауыштары мен қорабын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын
розеткадан суырыңыз да, қорек сымын
қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар
ішіне кіріп қамалып не электр тогының
қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін
ағытып алып тастаңыз.
Егер есігі магнитті тығыздағышпен
жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не
қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі
құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі
құрылғыны ең алдымен оның серіппелі
құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз.
Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып
қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
Жалпы қауіпсіздік
Сақтандыру туралы ескерту! Желдеткіш
саңылауларды бітемей ұстаңыз.
Бұл құрылғы тек үйде ғана қолдануға
арналып жасалған.
Бұл құрылғы тағам және/не сусындарды
тұрмыстық жағдайда, нұсқаулық кітапшада
көрсетілгендей сақтауға арналған.
Механикалық затты пайдалану немесе
жасанды затты қолдану арқылы жібіту
үрдісін тездетпеңіз.
Тоңазытқыштың ішіне, өндірушісі осы
мақсатта қолдануға болады деп арнайы
көрсетпесе, басқа электр құрылғыларын
(мысалы, балмұздақ жасайтын құрылғы)
салып пайдалануға болмайды.
Тоңазытқыш сұйық жүретін контурға зақым
келтірмеңіз.
Құрылғының тоңазытқыш сұйық айналатын
контурында, қоршаған ортаға зиянсыз
болып табылатын, бірақ тұтанғыш келетін
табиғи газ - тоңазытқыш изобутан(R600a)
бар.
Құрылғыны тасымалдағанда және
орнатқанда, оның тоңазытқыш контурының
ешбір бөлігіне нұқсан келмегеніне көз
жеткізіңіз.
Егер тоңазытқыш контурға нұқсан келсе:
ашық от немесе тұтанып кететін
заттардан сақ болыңыз
құрылғы орнатылған бөлмені мұқият
желдетіңіз
Бұл құрылғының сипатына өзгеріс енгізу
немесе оны қандай да бір жолмен өзгерту
қауіпті. Сымның бір жері бүлінсе, электр
тоғы қысқа тұйықталып, өрт шығып және/
немесе электр қатеріне ұшырап қалу қаупі
бар.
Назарыңызда болсын! Электр
бөлшектерінің кез келгенін (қорек сымы,
аша, компрессор) тек ғана уәкілетті қызмет
көрсету маманы немесе білікті маман
ауыстыруға тиіс.
1. Қорек сымын ұзартуға болмайды.
electrolux 9
Vista de página 8
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 ... 47 48

Comentários a estes Manuais

Sem comentários