
• Құйылған болаттан жасалған,
алюминий не түбіне нұқсан келген
ыдыстарды әрі-бері сырғытсаңыз,
керамика бетке сызат түсуі мүмкін.
• Ыдыстар мен керамика бетке нұқсан
келмес үшін ыдыстарды ішіндегісі
әбден сарқылғанша қайнатпаңыз.
• Пісіру алаңдарын еш ыдыссыз не бос
ыдыс қойып пайдаланбаңыз.
• Құрылғының ешбір жерін алюминий
қаңылтырмен жаппаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғының
бетіне сызат түссе, электр тогының
қатеріне ұшырамас үшін оны
ажыратып қойыңыз.
Орнату
Орнатардың алдында , техникалық
ақпарат тақтайшасынан мына
ақпараттарды жазып алыңыз:
• Үлгі сипаттамасы
(Model)................
• Өнім нөмірі (Prod. Nr.) ............. ....
• Сериялық нөмірі (Ser.
Nr.) ...............
Құрылғының техникалық ақпарат
тақтайшасын оның астыңғы
корпусынан таба аласыз.
EHC 60040X
949 594 036 00
58 AAD 55 ZO
ELECTROLUX
220-240 V 50-60 Hz
6,4 kW
Қауіпсіздік нұсқаулары
Назарыңызда болсын! Міндетті
түрде оқуыңыз қажет!
Құрылғы қолданылатын елдегі заң
күшіне ие заңдар, қаулылар,
ережелер мен
стандарттарды(қауіпсіздік
нұсқаулары, қалдықтарды қайта
өңдеу бойынша ережелер, электр
қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) мұқият
орындаңыз!
Құрылғыны тек білікті электрші ғана
орнатуға тиіс!
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз!
Электр қатерінен сақтандырыңыз,
мысалы, құрылғының астындағы
еденнің қауіпсіздік қаптамасы болған
жағдайда ғана оның үстіне
суырмаларды қоюға болады!
Жұмыс алаңының бетіне түскен
сызаттарды сай келетін
материалмен бітеу арқылы
ылғалдан қорғаңыз!
Құрылғы мен жұмыс алаңының
арасын, ешбір саңылау қалдырмай
тиісті бітегіш материалмен бітеңіз!
Құрылғының табанын мысалы, ыдыс
жуғыш машина не пештен келетін бу
мен ылғалдан қорғаңыз!
Құрылғыны есікке қатарластырып
немесе терезенің астына қоймаңыз!
Себебі, есік немесе терезелерді
ашқанда, ыстық ыдыс-аяқ пештің
қызып тұрған үстін соғып кетеді.
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Бірге қолданылатын құрылғыларда
электр кернеуі бар.
• Электр жүйесіне қатысты сақтық
шараларын орындаңыз.
• Бірге қолданылатын құрылғылардың
номинальды кернеуі, желідегі
кернеуге сай келуге тиіс.
• Ашаны розеткаға дұрыс сұғыңыз.
• Электр қатері орын алмас үшін
құрылғыны дұрыс орнатыңыз.
• Босап қалған, әрі дұрыс орнатылмаған
аша мен розетка, үлестіргіш
қорапшаның шамадан тыс қызып
кетуіне әкеліп соғады.
• Сымдардың қапсырма арқылы
жалғанатын қосылымдарын білікті
электр маманы орнатуға тиіс.
Құрылғы кез келген полюсте
контакттарының арасына 3 мм орын
қалдыра отырып ажыратуға мүмкіндік
беретін құралмен жабдықталуға тиіс.
Айырып-қосқыш құралдардың дұрыс
түрін қолдану қажет: оларға айырып-
қосқыштар, сақтандырғыштар
(бұралмалы сақтандырғыштарды
electrolux 3
Comentários a estes Manuais