Electrolux EOG91402AX Manual do Utilizador Página 14

  • Descarregar
  • Adicionar aos meus manuais
  • Imprimir
  • Página
    / 52
  • Índice
  • MARCADORES
  • Avaliado. / 5. Com base em avaliações de clientes
Vista de página 13
8.2 Қауіпсіздік термостаты
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе
немесе бөлшектерінде ақау бар болса,
қатты қызып кету қаупі бар. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін пеш
таймер мен желдеткіштен басқаны
сөндіруге арналған, тоқты кідіртетін
қауіпсіздік термостатымен
жабдықталған. Пешті қайта қосу үшін
дилеріңізге немесе қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
9.1 Жалпылама ақпарат
Құрылғының сөре қоюға арналған
бес деңгейі бар. Сөренің
деңгейлерін құрылғының астыңғы
жағынан бастап санаңыз.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шыны панельдеріне бу тұруы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тағам
пісіріп жатқанда құрылғының есігін
ашу қажет болса, әрқашан артқа
шегініңіз. Буды азайту үшін
құрылғыны тағам пісіру алдында 10
минут қыздырыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын ылғалды жерлерін
тазалаңыз.
Заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз және тағам пісіріп
жатқан кезде құрылғының ешбір
бөлшектерін алюминий
жұқалтырмен жаппаңыз. Себебі
пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің
эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
9.2 Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған
пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өткенше ашпаңыз.
9.3 Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем
тазаланбайтын дақ түспес үшін, өте
майлы тағамды пісіргенде шұңғыл
табақты пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып
кетпес үшін шамамен 15 минут қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің
іші қатты түтіндеп кетпес үшін
шұңғыл табаққа шамалы су
құйыңыз. Түтін жиналып қалмас
үшін су таусылған сайын үстемелеп
құйып отырыңыз.
9.4 Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне
байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға,
рецептілерге және тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
9.5 Гриль жасау
Бос тұмшапешті таға
пісірер алдында 3 минут
алдын ала қыздырыңыз.
www.electrolux.com14
Vista de página 13
1 2 ... 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 ... 51 52

Comentários a estes Manuais

Sem comentários